Конституция және референдум: жарқын болашақ үшін!
02.03.2026 ж. Сағат 10.00, 2 оқу залы. Экономика және бизнес жоғары мектебінде «ҚР Конституциясының жаңа жобасы және референдум» тақырыбында студенттермен Заң факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Есламғалиев Жақсылық Русланұлы арасында кездесу өтті.
Кездесу мақсаты- Қазақстан Республикасында ұсынылып отырған Конституцияның жаңа жобасы мен Референдумның мазмұны мен мәнін жан-жақты түсіндіру болып табылды.
Жақсылық Русланұлы Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясын – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық маңызды басты құжат екенін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, билік тармақтарының теңгерімін нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталатынын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы жаңа Конституция жобасында білім алу құқығын кеңейту және сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету; денсаулық сақтаудың қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру; еңбек ету және әлеуметтік қорғалу құқықтарын нақтылау; отбасы, балалар және жастарды қолдау тетіктерін күшейту секілді нормалар арқылы адами капиталды дамыту мемлекеттің басым бағыты ретінде қарастырылғанын айтты.
Қорытындылай келгенде Конституцияның жаңа жобасы жастардың білім алу, еңбек ету, еркін пікір білдіру және қоғамдық өмірге қатысу құқықтарын нақтылай отырып, олардың әлеуетін толық жүзеге асыруына құқықтық негіз қалайтынын ұғындырды. Бұл кездесудің мән-маңызы студент жастарымызды қуантып, алдағы референдумға еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге дайын екенін аңғартты және қонағымызға шынайы алғыстарын білдірді.
ЭжБЖМ ӘТЖЖ декан орынбасары И.У.Кулиев
Басқа жаңалықтар