- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ӘЙЕЛ - ӘЛЕМ ШУАҒЫ» 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған жарқын мерекелік концерт өтті
«ӘЙЕЛ - ӘЛЕМ ШУАҒЫ» 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған жарқын мерекелік концерт өтті
4 наурыз күні сағат 16:00-де БАЗ-3 залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Көктемнің ең нәзік әрі шуақты мерекесіне арналған бұл кеш сұлулық пен мейірімнің, парасат пен ізгіліктің салтанатына айналды. Сахна мерекелік нақышта безендіріліп, жылы лебіздер мен әсем әуендер көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Концерт барысында анаға, аруларға, ұстаздар мен қыз-келіншектерге арналған жүрекжарды құттықтаулар айтылып, әсерлі әндер шырқалды, көркем сөз оқылып, би қойылымдары ұсынылды.

Мерекелік кеш – тек концерттік бағдарлама ғана емес, әйел-аналарға деген шынайы құрмет пен алғыстың, көктемгі жылулық пен шабыттың көрінісі болды.
Барша аруларымыз бен аналарымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!
Басқа жаңалықтар