Халықаралық ана тілі күні құтты болсын! — ҚазҰУ

91ý

Халықаралық ана тілі күні құтты болсын!

21 ақпан 2026
Халықаралық ана тілі күні құтты болсын!

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы баршаңызды Халықаралық ана тілі күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тіл — жай ғана қарым-қатынас құралы емес. Ол — халықтың мәдениеті мен тарихы, салт-дәстүрі мен рухани мұрасы. Адам баласының жүрегіне жол табатын алғашқы сөзден достық басталып, өзара түсіністік пен сыйластықтың алтын көпірі қаланады.

Заң факультетінің 114-топ студенттері эдвайзер Дарханова С.Д.-мен бірге түрлі тілдерде жүрекжарды лебіздер айтылған шағын бейнеролик дайындады. Өйткені қарапайым ғана «сәлем» сөзі адамдарды жақындастырып, шекараларды жойып, ана тілін қадірлеудің қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Біз ана тілімізді ардақтаймыз, оның асыл қазынасын көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа аманат етеміз.

Әр шаңырақта ана тілінің әуезі қалықтап, әр жүректе барша халықтың тіліне деген құрмет салтанат құрсын!