- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде ЮНИСЕФ ұйымымен тағылымды, шабытқа толы кездесу өтті!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде ЮНИСЕФ ұйымымен тағылымды, шабытқа толы кездесу өтті!
«Аманат» студенттік клубы Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушысы Дарханова С.Д.-мен бірлесе отырып, заң факультетінде ЮНИСЕФ өкілдерімен мазмұнды жүздесу ұйымдастырды.
Клубтың волонтерлік жобасы аясында ашық форматтағы еркін диалог өрбіді. Кездесу барысында ЮНИСЕФ-тің 2026 жылға арналған жаңа жоспарлары таныстырылып, жан-жақты талқыланды. Әсіресе, балалар мен жастардың құқықтарын қорғауға, азаматтық белсенділікті арттыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларға айрықша мән берілді.
Мұндай кездесулер студенттер үшін жаңа көкжиектерді ашады — халықаралық жобаларға қатысуға, еріктілік қызметке араласуға, қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асыруға жол көрсетеді .
Бүгінгі студент — ертеңгі өзгерістің бастаушысы. Бұл жолы олар жаһандық өзгерістердің бір бөлігіне айналудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары аясында өткізілді. Атап айтқанда, №16 мақсат — «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» бағыты. Бұл мақсат адам құқықтарын ілгерілетуге, құқықтық мемлекетті дамытуға және жастарды әділетті қоғам құру ісіне белсенді тартуға үндейді.
Осындай рухани әрі кәсіби маңызы зор кездесулер болашақ заңгерлердің жүрегіне жауапкершілік пен үміт ұялатады.
Өйткені әділетті қоғам — саналы жастардан басталады.
Басқа жаңалықтар