Алматы қаласында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті. — ҚазҰУ

91ý

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті.

28 ақпан 2026
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті.

Іс-шара Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылып, оған заң қауымдастығының жетекші өкілдері спикер ретінде қатысты:

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. — Усеинова К.Р.

Басқарма төрағасы – бірінші проректор — Дуйсенов Е.Э.

Заң факультетінің деканы, профессор — Ахатов У.А.

Заң ғылымдарының докторы, профессор — Ибраева А.С.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруге және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әдістемелік еңбек таныстырылды.

Спикерлер өз баяндамаларында конституциялық реформалар үдерісіндегі ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың рөлін айрықша атап өтті. Сондай-ақ академиялық орта, мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам арасындағы ашық әрі мазмұнды диалогтың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Бұл тұсаукесер алдағы өзгерістердің мәнін терең ұғынуға, құқықтық сананы нығайтуға және заң үстемдігі мен құқықтық мемлекет қағидаттарын бекемдеуге бағытталған маңызды қадам болды.