Достық пен дәстүр тоғысқан тағылымды кездесу
1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 211-топ студенттері осы мерекеге арналған жылы әрі мәнді кездесуге қатысты.
Іс-шара Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті Күлтемірова Л.Т.-ның бастамасымен және Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясынің жалпы білім беру пәндері кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Академия қабырғасында өткен бұл жүздесу шынайы достықтың, өзара құрмет пен бірліктің алаңына айналды .
Қатысушылар Қазақстан халқының қонақжайлық дәстүрлері мен мәдениеті жайлы ой бөлісіп, отбасылық салт-сананы әңгімелеп, әртүрлі мәдениеттерде алғысты қалай білдіретінін ортаға салды.
Кездесудің ерекше рухани атмосферасын айшықтаған сәттер:студенттер дайындаған ұлттық тағамдар.
Академия курсанттарының орындауындағы қазақ күйлері жүрекке жеткен домбыра үні — жүздесуді жылылық пен шынайылыққа бөледі.
Алғыс айту күні — жай ғана күнтізбедегі дата емес.
Бұл — маңызды құндылықтарды еске салатын мерейлі мезет: жақсылықты байқау, қолдауды қадірлеу, өзара түсіністікті сақтау .
Осындай тағылымды кездесулер мәдениетаралық үнқатысуды нығайтып, адамдарды жақындастырады және тағы бір мәрте дәлелдейді — сыйластық пен тату көршілік қарапайым алғыс сөзінен басталады.
Басқа жаңалықтар