«Игілік керуені» челленджі — мейірім мен жанашырлық жолы
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы оқытушысы Дарханова С.Д.-ның бастамасымен және заң факультетінің 114-тобы, «Аманат» студенттік клубының белсенді жастары ерекше игі істі қолға алды .
Алғыс айту күніне орай және қасиетті Рамазан айы қарсаңында біз жақсылыққа үндейтін челленджді бастадық —«Игілік керуені»
Акция аясында ауызашар уақытында студенттер қаламыздың әртүрлі аудандарына бөлініп, оразасын уақытында аша алмай жүрген жандарға қолдау көрсету үшін көшеге шықты.
Жастар өтіп бара жатқан адамдарға су мен құрма ұсынуда —бұл жай ғана тағам емес, бұл — қамқорлықтың, бұл — ықыластың, бұл — шынайы жанашырлықтың белгісі.
Даңғаза сөзсіз.
Алғыс күтпей.
Тек жүректен шыққан ниетпен.
Бұл бастама бізге бір ақиқатты еске салады: жақсылық үлкен істерден емес, кішкентай қадамнан басталады — созылған қолдан, жылы жанардан, көмек беруге деген ықыластан.
«Игілік керуені» жүректерді жақындастыратын мейірім тізбегіне айналсын.
Басқа жаңалықтар