- Басты бет
- Жаңалықтар
- Professional Week – 2026 шеңберінде білім беру үдерісін жетілдіру: заманауи академиялық құралдарды енгізу тәжірибесі
Professional Week – 2026 шеңберінде білім беру үдерісін жетілдіру: заманауи академиялық құралдарды енгізу тәжірибесі
2026 жылғы 6 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінде, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында 3–6 наурыз аралығында өткен университеттік Professional Week – 2026 аясында іс-шара өткізілді.
Іс-шараға кафедра меңгерушісі және профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында оқу үдерісін жетілдіру, оқу-әдістемелік материалдарды жаңарту, сондай-ақ білім беру қызметіне заманауи цифрлық құралдарды енгізу мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар оқытушылар білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика саласында мамандар даярлау бойынша өзекті міндеттерді талқылады.
Іс-шара аясында интерактивті силлабусты әзірлеу бойынша нұсқаулық өткізілді. Оның барысында оқытушыларға силлабустың құрылымы мен мазмұнына қойылатын негізгі талаптар, сондай-ақ оқу үдерісінде интерактивті элементтерді пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар микро-біліктіліктерді әзірлеу мәселелері бойынша нұсқаулық беріліп, оларды дайындау және білім беру бағдарламаларына енгізудің негізгі кезеңдері түсіндірілді.
Өткізілген іс-шара кафедрадағы білім беру үдерісін дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріп, оқытушылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды.







