Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес экологиялық ағарту жұмыстарыFarabi University

91ý

Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес экологиялық ағарту жұмыстары

28 ақпан 2026
Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес экологиялық ағарту жұмыстары

 

Тұрақты даму мақсаттарының 4 (Сапалы білім), 13 (Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл) және 15 (Құрлық экожүйелерін сақтау) бағыттарына сәйкес Сүлейман Демирел атындағы мектеп‑интернаты оқушыларымен экологиялық ағарту іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — Алматы қаласындағы ауа ластануы мәселесіне назар аударып, оқушылардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін қалыптастыру. Шара барысында «Жасыл ел» бағдарламасы таныстырылып, гүл отырғызу бойынша практикалық мастер-класс ұйымдастырылды. Бітіруші түлектерге экожүйені сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары түсіндірілді.

Ұйымдастырушылар: практика жетекшісі Балтымова М.Р., отандық ғылыми жетекші Мейрбаев Б.Б., мәдениеттану мамандығының 2-курс докторанты Бөкеш Т.Б. және мектеп әкімшілігі.