- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Сапалы білім» мақсаты шеңберінде «Музейге саяхат – сапалы білімге қадам» іс-шарасы өтті
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «Сапалы білім» мақсаты шеңберінде «Музейге саяхат – сапалы білімге қадам» іс-шарасы өтті
2026 жылдың 6 наурызда 311-312 топ құқық қорғау мамандығының студенттерімен бірге Қастеев музейіне таныстыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара &ܴ;Сапалы білім&ܴ; мақсатын іске асыру шеңберінде қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Базилова А.А жетекшілігімен өткізілді.
Музей барысында студенттер экскурсия жетекшісінің мазмұнды түсіндірмесін тыңдап, тарихи жәдігерлер мен құнды құжаттармен танысты, әрбір экспонаттың маңызын талдай отырып, өз мамандықтарына қатысты тың мәліметтер алды. Сонымен қатар олар сұрақтар қойып, өзара пікір алмасып, теориялық білімдерін тәжірибелік деректермен байланыстыруға мүмкіндік алды. Бұл сапар студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, кәсіби қызығушылығын арттырып, сапалы білім алуына үлкен ықпал етті.
Іс шараға қатысты:
Факультет оқытушысы - 1 адам
Студенттер саны – 30 адам

Басқа жаңалықтар