№18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен мазмұнды кездесу — ҚазҰУ

91ý

№18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен мазмұнды кездесу

11 наурыз 2026
№18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен мазмұнды кездесу

2026 жылғы 11 наурызда* Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Заң факультеті *Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының* оқытушы-профессорлық құрамы №18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен мазмұнды кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – студенттердің оқу үлгерімімен танысу, олардың тәртібі мен қоғамдық белсенділігі туралы пікір алмасу, сондай-ақ жатақханадағы тұрмыс жағдайы мен бос уақытты тиімді ұйымдастыру мәселелерін талқылау болды.

Іс-шара барысында кафедра оқытушылары студенттермен ашық диалог форматында әңгіме жүргізіп, олардың оқу процесіндегі жетістіктері мен кездесетін қиындықтары туралы пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, білім алушыларға оқу үлгерімін жақсарту, уақытты дұрыс жоспарлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу және университеттің қоғамдық өміріне араласу жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Кездесу барысында студенттердің жатақханадағы тұрмыс-тіршілігі, күнделікті өмірі, бос уақытын тиімді өткізуі, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуы сияқты маңызды мәселелер де назардан тыс қалмады. Оқытушылар студенттердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың мәселелерін шешу жолдарын бірге қарастыруға дайын екендерін білдірді.

Мұндай кездесулер студенттер мен оқытушылар арасындағы байланысты нығайтып, білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға және университет қабырғасындағы тәрбие жұмысының тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Кездесу соңында студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулерді жиі ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.