№4 Студенттер үйінде студенттерге референдум бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді — ҚазҰУ

91ý

№4 Студенттер үйінде студенттерге референдум бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді

12 наурыз 2026
№4 Студенттер үйінде студенттерге референдум бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді

12 наурыз күні4 Студенттер үйінде студенттерге арналған референдум тақырыбында түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастарға алдағы референдумның маңызын түсіндіру, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ студенттердің қоғамдық-саяси процестер туралы ақпараттану деңгейін көтеру болды.

Кездесуді заң факультетінің маманы Есламғалиев Жақсылық Русланұлы жүргізді. Олар студенттерге референдум ұғымы, оның құқықтық негіздері, өткізілу тәртібі және азаматтардың референдумға қатысу құқығы туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, мамандар референдумның демократиялық қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіріп, әр азаматтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысуының мәніне тоқталды. 

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Мамандар тарапынан барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, құқықтық тұрғыда түсініктемелер ұсынылды.

Осындай кездесулер студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін арттыруға және қоғамдағы маңызды саяси үдерістер туралы дұрыс ақпарат алуына мүмкіндік береді.