№18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен кездесуFarabi University

91ý

№18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен кездесу

11 наурыз 2026
№18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен кездесу

2026 жылғы 11 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы №18 Студенттер үйінде білім алушы жастармен кездесу өткізді. Аталған кездесу кафедра меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевнаның бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің оқу үдерісіндегі белсенділігімен танысу, олардың жатақханадағы тұрмыс-тіршілігін білу, сондай-ақ білім алушылармен ашық форматта пікір алмасу болды. Кездесу барысында профессор-оқытушылар құрамы студенттердің білім алуға деген ынтасын арттыру, академиялық адалдық қағидаларын сақтау, болашақ маман ретінде кәсіби жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше тоқталды. Сонымен қатар, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жатақханадағы тәртіп пен мәдениетті сақтау, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы да кеңінен әңгіме өрбіді. Студенттер өз кезегінде оқу процесі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, университет өміріндегі түрлі іс-шаралар туралы пікірлерімен бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кафедра оқытушылары білім алушылардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, оларға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға ықпал етті. Мұндай кездесулер білім алушылардың университет өміріне белсенді қатысуына, олардың әлеуметтік және академиялық мәселелерін уақытылы шешуге мүмкіндік береді. Іс-шара соңында профессор-оқытушылар құрамы студенттерге оқуда табыс тілеп, алдағы уақытта да осындай мазмұнды кездесулердің жалғасын табатынын атап өтті.