АҚПАРАТТЫҚ ХАТ — ҚазҰУ

91ý

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

13 наурыз 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Сізді «Еуразиялық одақ: даму мәселелері және интеграцияны тереңдету перспективалары. VIII Ибрашев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады.

Профессор Жарас Омарұлы Ибрашев – Қазақстандағы «Халықаралық қатынастар» мамандығының негізін қалаушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің негізін қалаушысы, белгілі ғалым, французтану, еуропатану және еуразиялық интеграциясының зерттеу бағытындағы ғылыми мектептің негізін қалаушы.

Халықаралық конференцияның мақсаты – Еуразиялық одақтың дамуындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылау, еуразиялық интеграцияның қазіргі үрдістері мен сын-қатерлерін зерттеу, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетудің мүмкіндіктерін пәнаралық ғылыми тәсіл мен өңірлік интеграциялық бірлестіктердің халықаралық тәжірибесі негізінде қарастыру.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына шетелдік және қазақстандық зерттеушілер, академиялық және сараптамалық қауымдастық өкілдері.

Өткізу күні мен уақыты: 27 наурыз 2026 жыл, 10:00–13:00

Өткізу форматы: аралас (онлайн / офлайн)

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

Өтетін орны: №226 конференц-зал, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті;  Қарасай батыр көшесі, 95А, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы.

Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Еуразиялық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығы; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы.

Конференцияға қатысуды өтінімді және баяндама тақырыптарын 2026 жылғы 20 наурызға дейін төмендегі электрондық пошта арқылы жіберулеріңізді сұраймыз: gmovkebaewa@mail.ru - Мовкебаева Галия Ахметвалиевна.

Zoom платформасындағы сілтеме конференцияға қатысушыларға қосымша жіберіледі.

Ұйымдастырушылық мәселелер бойынша халықаралық конференцияның үйлестірушісіне хабарласуға болады.