Қаржылық пирамидаларды тану жне оларды алдын алу тәсілдеріFarabi University

91ý

Қаржылық пирамидаларды тану жне оларды алдын алу тәсілдері

13 наурыз 2026
Қаржылық пирамидаларды тану жне оларды алдын алу тәсілдері

2026 жылғы 12 наурыз күні Механика кафедрасында «Қаржылық пирамидаларды тану жне оларды алдын алу тәсілдері» тақырыбында 1–2 курс студенттеріне арналған ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараны кафедраның аға кураторы Байсбаева О.Б. жне «Ғарыштық техника жне технологиялар» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары бірлесіп өткізді.

            Шараның негізгі мақсаты – студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндіру жне жастарды күмәнді қаржылық ұсыныстардан сақтандыру.

            Кездесу барысында Механика-математика факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Абенов Б.К. сөз сөйлеп, қазіргі қоғамда кең таралып отырған қаржылық алаяқтықтың түрлері мен олардың салдары туралы маңызды мәліметтермен бөлісті.

            Іс-шара барысында студенттер қаржылық пирамиданың мәнін, алаяқтық схемалардың бес негізгі белгісін жне Қазақстанда компаниялардың заңдылығын тексерудің нақты жолдарын үйренді. Сонымен қатар қатысушылар нақты мысалдар мен өмірлік жағдайларды талқылап, танымдық викторинаға белсенді қатысып, өз білімдерін бекітті.

            Кездесу барысында студенттер мұндай жағдайларға тап болған кезде қандай әрекеттер жасау қажеттігі, банк карталары мен жеке деректерді алаяқтардан қорғаудың тиімді тәсілдері туралы да пайдалы ақпарат алды.

            Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының:
4-мақсаты – «Сапалы білім беру» жне 8-мақсаты – «Лайықты еңбек жне экономикалық өсу» бағыттарына сәйкес жүзеге асырылды.

Механика кафедраcының аға кураторы Байсбаева О.Б.