«From Literature Review to Viva Success» атты ғылыми семинары
ТДМ 4 – «Сапалы білім» жне ТДМ 17 – «Тұрақты даму үшін серіктестік» мақсаттарын іске асыру аясында география жне табиғатты пайдалану факультетінде докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған «From Literature Review to Viva Success» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинардың арнайы қонағы – ғалым, PhD, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі Сауле Сулейманова болды. Ол докторлық диссертациясын Ұлыбританиядағы University of Reading университетінде сәтті қорғап, қазіргі уақытта осы университетте зерттеуші ретінде қызмет атқарады.

Кездесу барысында спикер халықаралық ғылыми ортада докторлық зерттеуді жүргізудің барлық кезеңдерінен өту тәжірибесімен бөлісті. Семинардың негізгі тақырыптары «Literature Review without stress» жне «Success in Your Viva» (диссертацияны сәтті қорғау) болды.
Семинардың бірінші бөлімінде Сауле Сулейманова ғылыми әдебиеттерге сапалы шолу жасаудың заманауи тәсілдері туралы айтып берді. Қатысушылар халықаралық ғылыми деректер базаларымен тиімді жұмыс істеу, ғылыми дереккөздерді жүйелеу жне қолданыстағы зерттеулерге сыни талдау жасау жолдарын талқылады. Сонымен қатар спикер ғылыми жарияланымдарды жүйелеу, әдебиеттерге шолу құрылымын қалыптастыру жне зерттеудің ғылыми жаңалығын анықтау бойынша практикалық ұсыныстарымен бөлісті.

Семинардың екінші бөлімі Ұлыбритания академиялық жүйесінде қолданылатын Viva – докторлық диссертацияны ауызша қорғау рәсіміне дайындыққа арналды. Спикер қорғау құрылымы, емтихан алушылар тарапынан қойылатын негізгі сұрақтар жне зерттеу нәтижелерін сенімді түрде ұсыну стратегиялары туралы айтып берді. Сонымен қатар докторанттардың психологиялық дайындығы, стресс басқару жне ғылыми дәлелдеу дағдыларын дамыту мәселелері де қарастырылды.
Ашық пікірталас барысында қатысушылар докторанттардың диссертация қорғау жолында кездесетін негізгі қиындықтарды, соның ішінде ғылыми әдебиеттердің үлкен көлемімен жұмыс істеу, ғылыми жарияланымдар дайындау жне зерттеу мен оқытушылық қызмет арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселелерін талқылады. Спикер осы қиындықтарды еңсерудің практикалық жолдарын ұсынып, ғылыми қауымдастық пен ғылыми жетекшіліктің маңыздылығын атап өтті.

Өткен семинар халықаралық ғылыми тәжірибе алмасуды дамытуға, докторанттардың академиялық құзыреттерін арттыруға жне жоғары білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған маңызды алаң болды.

Басқа жаңалықтар