Тұрақты даму саласындағы бірлескен зерттеулердің перспективалары талқыланды — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму саласындағы бірлескен зерттеулердің перспективалары талқыланды

10 наурыз 2026
Тұрақты даму саласындағы бірлескен зерттеулердің перспективалары талқыланды

География және табиғатты пайдалану факультетінде тұрақты даму және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективаларын талқылауға арналған жұмыс кездесуі өтті.

Сапар аясында факультетке ҚазҰАЗУ жанындағы ғылыми-білім беру технологиялық платформасының директоры Ермеков Фараби Керимбаевич, сондай-ақ ҚР ҰҒА жанындағы жасанды интеллект бойынша бас сарапшы Бектепов Берик Хайдарович келді. Кездесу барысында ғылыми ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және пәнаралық зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

 

Сапар барысында қонақтар тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығының қызметімен, сондай-ақ «Қашықтықтан зондтау технологиялары және қолдану» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасының ғылыми зерттеулерімен танысты. Бұл зертханада табиғи ресурстарды мониторингтеу, экологиялық үдерістерді талдау және геоақпараттық технологиялар мен Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін қолдануға бағытталған ғылыми жобалар жүзеге асырылуда.

 

Кездесу барысында тұрақты даму, қоршаған ортаны мониторингтеу, экологиялық тәуекелдерді бағалау және табиғи ресурстарды зерттеуде заманауи цифрлық технологияларды қолдану бағытындағы бірлескен зерттеулер мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

 

Қатысушылар бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеу, ғылыми семинарлар ұйымдастыру, академиялық тағылымдамалар өткізу және студенттерді, магистранттар мен докторанттарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту мүмкіндіктерін де талқылады.

 

Университеттер мен ғылыми ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту ғылыми әлеуетті нығайтуға, білім мен тәжірибе алмасуға және тұрақты даму үшін инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал ететіні атап өтілді.