Заң факультетінің студенттері Алматы гарнизоны әскери прокуратурасына танымдық экскурсия жасады — ҚазҰУ

91ý

Заң факультетінің студенттері Алматы гарнизоны әскери прокуратурасына танымдық экскурсия жасады

4 наурыз 2026
Заң факультетінің студенттері Алматы гарнизоны әскери прокуратурасына танымдық экскурсия жасады

2026 жылдың 4 наурызында құқықтану мамандығының 108 топ студенттері Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы з.ғ.м., оқытушысы Еркеназ Базартайқызының жетекшілігімен Алматы гарнизоны әскери прокуратурасына танымдық экскурсия жасады. Іс-шара барысында студенттерді Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры, әділет аға лейтенанты Тыныштықбай Әділет Нұрланұлы қарсы алып, әскери прокуратураның қызметі, негізгі міндеттері және құқық қорғау жүйесіндегі рөлі туралы кеңінен айтып берді.

Кездесу барысында студенттер әскери құқық саласының ерекшеліктерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелік маңызы бар ақпарат алды. Бұл кездесу болашақ заңгерлердің кәсіби бағыт-бағдарын қалыптастыруға және құқық қорғау саласына деген қызығушылықтарын арттыруға ықпал етті.

Бұл іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында ұйымдастырылып, қоғамдағы заңдылықты сақтау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетуге бағытталды. Кездесу барысында студенттерге заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және әділдік қағидаттарын ұстану – әрбір азаматтың жауапкершілігі екені түсіндірілді. Осындай танымдық кездесулер болашақ заңгерлердің кәсіби көзқарасын қалыптастырып, құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызын айқындай түседі.