«ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» журналы DOAJ халықаралық дерекқорына енгізілдіFarabi University

91ý

«ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» журналы DOAJ халықаралық дерекқорына енгізілді

16 Нау, 2026
«ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» журналы DOAJ халықаралық дерекқорына енгізілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» ғылыми журналы Directory of Open Access Journals (DOAJ) халықаралық дерекқорына енгізілді.

Журналдың DOAJ базасына енуі оның академиялық сапаның халықаралық стандарттарына, редакциялық саясаттың ашықтығына, жариялау этикасының талаптарына және ашық қолжетімділік қағидаттарына сәйкестігін растайды. DOAJ дерекқорына редакциялық процестері мен рецензиялау жүйесі қатаң сараптамадан өткен ғылыми журналдар ғана енгізіледі.

Журналдың DOAJ базасында индекстелуі оның халықаралық деңгейдегі көрінімділігін арттырып, оқырман аудиториясын кеңейтеді және ғылыми зерттеулер нәтижелеріне әлемдік ғылыми қауымдастықтың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Журналдың&Բ;ресми&Բ;сайты:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғылыми басылымдарын жүйелі түрде дамытып, олардың халықаралық дерекқорлардағы орнын нығайтып келеді. Қазіргі таңда университеттің келесі журналдары DOAJ базасында индекстелген:

1.  «Interdisciplinary Approaches to Medicine»

2.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясы»

3.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы»

4.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы»

5.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы»

6.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Математика, механика және информатика сериясы»

7.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Құқық сериясы»

8.  &ܴ;ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және социология сериясы»

9.  «Новые исследования Тувы»

ҚазҰУ журналдарының халықаралық дерекқорларға енгізілуі қазақстандық ғылымның жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялануының және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды қадамы болып табылады.