SQL және Деректерді талдау курсы
Курс туралы:
Бұл курс реляциялық деректер базаларының жұмыс принциптерін үйренуге және SQL тілін меңгеруге арналған. Студенттер деректер базаларын жобалау, нормализациялау, транзакциялармен жұмыс істеу, күрделі SQL-сұраулар жасау (JOIN, SubQuery, CTE) және Python ортасында деректерді талдау мен визуализациялау (Pandas, NumPy, Matplotlib) дағдыларын игереді.
Курс үш модульден тұрады:
1-модуль: SQL негіздері
Сабақтар:
Деректер базалары және олардың түрлері. Реляциялық деректер базасының құрылымы.
Деректер базаларын және кестелерді құру мен жою. Кестедегі деректер түрлері. Бағандарға қойылатын шектеулер.
Деректермен жұмыс жасау. INSERT, UPDATE, DELETE операторлары.
SQL-сұраулардың түрлері және құрылымы. SELECT, WHERE, DISTINCT, TOP, IS NULL. BETWEEN, IN, LIKE операторлары.
Сұрауларды сұрыптау және топтау. Арифметикалық және логикалық операциялар, агрегаттық функциялар.
2-модуль: Күрделі SQL-сұраулар және деректерді талдау
Сабақтар:
Көп кестелі сұраулар. JOIN, INNER JOIN, OUTER JOIN.
Подзапростар. Бір жолдық және бір бағандық подзапростар; көп жолдық және бір бағандық подзапростар.
Көп бағандық подзапростар. Корреляциялық подзапростар.
Обобщённые табличные выражения (CTE). WITH операторы.
Сұрауларды біріктіру. UNION операторы.
3-модуль: SQL деректерін Python-ға импорттау
Сабақтар:
Шартты логика. CASE операторы және IF функциясы.
Сақталған процедуралар және функциялар.
SQL-дан Python-ға деректерді импорттау және NumPy массивтерімен танысу. Pandas кітапханасы.
SQL-дан алынған деректерді визуализациялау. Matplotlib негіздері және Figure объектісі.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Бағдарламалаудың негізгі түсінігі;
Алгоритмдер мен деректер құрылымдарын білу;
Деректер базаларымен жұмыс тәжірибесі міндетті емес.
Курс жетекшісі:
Тусупова Камшат Бакытжановна
Басқа жаңалықтар