Шаңырақ – отбасы мен бірліктің символы — ҚазҰУ

91ý

Шаңырақ – отбасы мен бірліктің символы

17 наурыз 2026
Шаңырақ – отбасы мен бірліктің символы

Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурызШаңырақ күні болып бекітілгені белгілі. Бұл күнтек мереке ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын, отбасы құндылықтарын, ұлттық бірлікті дріптейтін маңызды ст. Шаңырақ күніотбасының қадірін, ұрпақтар сабақтастығын жне бірлікті дріптейтін ерекше мереке.

Шаңырақкиіз үйдің ғана емес, тұтас бір ұлттың рухани болмысын айшықтайтын терең мнді нышан. Оның дөңгелек пішінімңгіліктің, өмірдің үздіксіз жалғасының, татулық пен үйлесімділіктің көрінісі. Киіз үйдің шаңырағы берік болуы үшін оның уығы мықты, керегесі кең болуы қажет десек, дл сол секілді елдің ертеңі жарқын болуы үшін рбір отбасының іргесі бекем, құндылықтары мығым болғаны абзал.

Қазақ халқы үшін қай дуірде де шаңырақ ұғымы айрықша қастерлі. Олжай ғана баспана емес, олотбасының тірегі, жылуы мен берекесінің, ұрпақтар сабақтастығының символы. «Шаңырағың биік болсындеген ізгі тілектің астарында ұлттың амандығы, улеттің тұтастығы мен берекесі жатыр. Шаңырақтатулықтың, сыйластықтың, бірліктің белгісі ретінде халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алады.

Осы орайда Шаңырақ күніне байланысты еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылатын мдени-көпшілік іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дріптеуге, отбасы институтының маңызын арттыруға бағытталған. Соның бір жарқын көрінісіАқпараттық технологиялар жне жасанды интеллект факультетінде өткен тағылымды жиын. Аталған іс-шараның басты мақсатыжастардың бойына отбасыға деген құрметті қалыптастыру, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру болды.

Жиын барысында факультетте еңбек етіп жүрген, берекесі мен бірлігі жарасқан үлгілі отбасылар студенттермен өз тжірибелерімен бөлісті. Олар отбасы ішіндегі өзара түсіністік пен сыйластықтың маңызына тоқталып, өмірде кездесетін түрлі жағдайларды сабырмен шешудің жолдарын ортаға салды. Әсіресе, отбасының адам тұлғасының қалыптасуындағы рөлі ерекше екендігі кеңінен түсіндірілді. Адамның мінез-құлқы, дүниетанымы, үлкенге деген құрметі мен кішіге деген қамқорлығы ең алдымен отбасында қалыптасатыны атап өтілді.

«Шаңырақтың шаттығысыйластықта» деген нақыл сөздің мнін ашқан бұл басқосу отбасындағы бақыт пен татулықтың негізі өзара құрмет пен сенімде екенін айқындай түсті. Бір шаңырақ астында ртүрлі буын өкілдері, ртүрлі мінез иелері өмір сүрсе де, оларды біріктіретін ортақ құндылықотбасыға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік екендігі ерекше айтылды.

Іс-шараға Компьютерлік ғылымдар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамынан үлгілі отбасылар қатысып, өзара тжірибе алмасты. Атап айтқанда, Урмашев Б.А. пен Тұрсынбай А.Т., Макашев Е.П. пен Кулмуратова А.Ш., Қасымбек Н.М. пен Барысова С.Б. сынды отбасылар жиынға қатысып, отбасы құндылықтарын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Іс-шара соңында «Берік шаңырақбақыттың бастауы» деген тағылымды ой түйінделіп, тату-ттті отбасының адам өміріндегі ең үлкен байлық екені тағы бір мрте нақтыланды. Қазақ халқында айтылатын «Шаңырағың шайқалмасындеген тілектек бір үйдің емес, бүкіл елдің амандығы мен бірлігін аңсайтын асыл ниеттің көрінісі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініШаңырақ күні тек отбасылық мереке ғана емес, олұлттық бірлікті нығайтатын, рухани құндылықтарды жаңғыртатын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын ерекше күн. Бұл мереке рбір шаңырақтың берекесін арттырып, қоғамдағы татулық пен келісімді одан рі күшейтуге қызмет етеді.