ТДМ: «Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика» — ҚазҰУ

91ý

ТДМ: «Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика»

17 наурыз 2026
ТДМ: «Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика»

Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік пен академиялық адалдық қағидаларын қалыптастыру мақсатында 17.03.2026 жылы ТДМ №16:  «Студенттік өмір және заңды тәртіп: жауапкершілік пен этика» тақырыбында жатақхана студенттеріне дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында студенттік ортадағы тәртіп, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және этикалық нормаларды ұстану мәселелері жан-жақты талқыланды. Қатысушыларға студенттердің құқықтары мен міндеттері, оқу процесіндегі жауапкершілік, сондай-ақ академиялық адалдықтың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қонақ ретінде Алматы қаласы полиция лейтенанты Пазил Айбатыр Бауржанұлы арнайы қатысып, студенттерге құқықтық сауаттылық, заң және жауапкершілік туралы өз ойымен бөлісті.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген мамандар студенттерге заң талаптарын сақтаудың маңызын атап өтіп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қоғам үшін ерекше рөл атқаратынын жеткізді. Сонымен қатар, жастар арасында кездесетін құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары мен олардың салдары туралы нақты мысалдар келтірілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Мұндай іс-шаралар студенттердің азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық сауатты тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Ибраимкулов А.Е., Ақпараттық жүйелер кафедрасы