Кәсіби бағдар беру жұмысы — ҚазҰУ

91ý

Кәсіби бағдар беру жұмысы

17 наурыз 2026
Кәсіби бағдар беру жұмысы

2026 жылғы 17 наурызда «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Шормакова Асем Ноябревна және оқытушы Қажыбек Айгерім Маратқызы Алматы қаласындағы №173 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Аталған іс-шара талапкерлерге бағыт-бағдар беру және олардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушыларға ақпараттық технологиялар саласының заманауи бағыттары, соның ішінде бағдарламалау, деректерді талдау, киберқауіпсіздік және жасанды интеллект технологиялары туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды. Сонымен қатар, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, академиялық мүмкіндіктер мен ғылыми-зерттеу бағыттары таныстырылды.

Іс-шара аясында IT саласындағы еңбек нарығының сұранысы, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және цифрлық дағдылардың қазіргі қоғамдағы маңызы ерекше атап өтілді. Сонымен бірге, жасанды интеллекттің әртүрлі салалардағы қолданылуы мен оның болашақтағы рөлі туралы маңызды ақпарат берілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды. Қатысушылар жоғары оқу орындарына түсу талаптары, білім алу ерекшеліктері, студенттік өмір және болашақ мансап мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар қойып, толыққанды жауаптар алды.

Аталған кәсіби бағдар беру іс-шарасы оқушылардың ақпараттық жүйелер саласындағы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағыттарын айқындауға оң әсерін тигізді