National awareness day (NAD) кітап күніне орай «Ұлттық мұра: салт пен дәстүр» (Интеллектуалды Quiz)Farabi University

91ý

National awareness day (NAD) кітап күніне орай «Ұлттық мұра: салт пен дәстүр» (Интеллектуалды Quiz)

23 сәуір 2026
National awareness day (NAD) кітап күніне орай «Ұлттық мұра: салт пен дәстүр» (Интеллектуалды Quiz)

   Тұрақты даму мақсаттарының №4 «Сапалы білім» бағыты аясында 2026 жылғы 23 сәуір күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында кітап күніне байланысты «Ұлттық мұра: салт пен дәстүр» тақырыбында интеллектуалды Quiz іс-шарасы өткізілді.

   Аталған іс-шара дүние  жүзі  тарихы,  тарихнама  жне  деректану  кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.С. Асанованың жетекшілігімен, 7М03206 – «Кітапханалық ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарының ұйымдастырылуымен өткізілді.

Мақсаты: Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлер туралы білімін арттыру, қазақ халқының рухани мұрасын насихаттау жне ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шара барысында барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен тұратын сұрақтарға жауап беріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, дәстүрлі киімдері, әдет-ғұрыптары жне тарихи деректері туралы білімдерін сынады. Сонымен қатар, қатысушылар арасында пікір алмасу ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтардың қоғам өміріндегі маңызы талқыланды.

   Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, ұлттық мәдени мұра туралы жаңа мәліметтер алды. Өткізілген интеллектуалды Quiz жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, мәдени-танымдық білімін кеңейтуге ықпал етті.

Тұрақты даму мақсатының №4 «Сапалы білім» бағыты аясында өткізілген «Ұлттық мұра: салт пен дәстүр» атты интеллектуалды Quiz іс-шарасы сапалы білім беруді қолдау, ұлттық мәдениетті дәріптеу жне жастардың рухани-танымдық дамуына жағдай жасау арқылы Тұрақты даму мақсаттарының міндеттерімен өзара сабақтасып, қоғамдағы мәдени-білім беру үдерісін нығайтуға бағытталды.