ТДМ 15:  Экология және болашақ: Жерді сақтайық! Жан жағымызға тазалықпен қарайық!!! — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 15:  Экология және болашақ: Жерді сақтайық! Жан жағымызға тазалықпен қарайық!!!

17 наурыз 2026
ТДМ 15:  Экология және болашақ: Жерді сақтайық! Жан жағымызға тазалықпен қарайық!!!

КжК кафедрасы.
Тақырыбы: ТДМ 15:  Экология және болашақ: Жерді сақтайық! Жан жағымызға тазалықпен қарайық!!!
Өткізілген күні: 17.03.2026 ж.
Ұйымдастырушы: Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасы және Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мамандығының  студенттері және жатақхана тәрбиешілері және студенттер белсенділері
Шараның мақсаты:
* Студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру;
* Қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру;
* Салауатты өмір салтын насихаттау;
* Ортақ мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Шараның барысы:
ТДМ 15:  Экология және болашақ: Жерді сақтайық! Тақырыбында корпус ішінде студенттер сенбілік шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында студенттерге тазалықтың адам денсаулығына және өмір сапасына әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік кезінде корпус ауласы, кіреберіс аймақтары, ортақ пайдалану орындары тазартылды. Қоқыстар жиналып, арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сонымен қатар, аумақты ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттер сенбілікке белсенді қатысып, ұйымшылдық пен жауапкершілік танытты. Бірлескен жұмыс барысында өзара көмек көрсету, ортақ іске үлес қосу дағдылары қалыптасты.
Қорытынды бөлім:
Шара соңында тазалықты сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер тазалықты тек сенбілік кезінде ғана емес, күнделікті өмірде сақтау қажеттігін түсінді.
Нтижесі:
* Студенттер арасында тазалық мәдениеті қалыптасты;
* Қоршаған ортаға жауапкершілік көзқарас артты;
* Бірлік пен ынтымақтастық нығайды;
* Студенттердің белсенділігі мен жауапкершілігі байқалды.
Қорытынды:
Қорытындылай келе, өткізілген сенбілік шарасы өз мақсатына жетті. Студенттер шараға белсенді қатысып, тазалықтың маңызын терең түсінді. Алдағы уақытта осындай тәрбиелік маңызы бар шараларды жалғастыру жоспарлануда.