«ылыми зерттеулерге арналған жасанды интеллект: деректерден білімге» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтілді — ҚазҰУ

91ý

«ылыми зерттеулерге арналған жасанды интеллект: деректерден білімге» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтілді

18 наурыз 2026
«ылыми зерттеулерге арналған жасанды интеллект: деректерден білімге» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтілді

 

2026 жылғы 18 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінде «ылыми зерттеулерге арналған жасанды интеллект: деректерден білімге» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Ақпараттық жүйелер кафедрасы ұйымдастырды.

Іс-шара конференц-залда гибридті форматта (офлайн және онлайн) өткізіліп, Қазақстан, Литва, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясынан келген ғалымдар, зерттеушілер мен сарапшылардың басын қосты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект әдістерін қолданудың заманауи тәсілдерін талқылау және тәжірибе алмасу болды. Негізгі назар үлкен деректерді өңдеу, заңдылықтарды анықтау және деректерді жаңа ғылыми білімге айналдыру мәселелеріне аударылды.

Іс-шараның ашылуында Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі А.Н. Шормакова құттықтау сөз сөйлеп, жасанды интеллект технологияларын ғылыми-зерттеу қызметіне енгізудің маңыздылығын және халықаралық ынтымақтастықты дамытудың өзектілігін атап өтті. Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде Ақпараттық жүйелер кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары А.А. Мухитова қызмет атқарды.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде шетелдік және отандық жетекші ғалымдар ғылыми баяндамалар жасады. Атап айтқанда, Вильнюс университетінің Деректерді зерттеу және цифрлық технологиялар институтының бас ғылыми қызметкері, профессор (Литва Республикасы) Leonidas Sakalauskas әлеуметтік контентті талдау және басқаруға арналған жасанды интеллект шешімдері туралы баяндама жасады.

PhD Konul Habibova (Әзербайжан Республикасы) заманауи филологиялық ғылымда корпус лингвистикасы мен жасанды интеллектті қолдану мәселелерін қарастырды. Бухара мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент (Өзбекстан Республикасы) Шарипов Сохиб Салимович өзбек тіліндегі ASR-транскрипттерде тыныс белгілерін автоматты түрде қою бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Өзбекстан Ұлттық университетінің компьютерлік және қолданбалы лингвистика кафедрасының меңгерушісі, профессор (Өзбекстан Республикасы) Нилюфар Абдурахмонова цифрлық ортадағы пәнаралық зерттеулерде жасанды интеллекттің когнитивтік рөлін ашып көрсетті. Қырғыз-Герман қолданбалы математика институтының проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент (Қырғызстан Республикасы) Джалбиев Эмирбек Автандилович жасанды интеллектті ғылымды қажет ететін салаларда қолдану, атап айтқанда предиктивті аналитикадан автономды синтезге дейінгі бағыттарды таныстырды.

PhD, доцент-зерттеуші (Қазақстан Республикасы) Рахимова Диана Рамазановна LogopedAI жүйесі мысалында балалардағы сөйлеу бұзылыстарын диагностикалау және түзетуде жасанды интеллект әдістерін қолдану туралы баяндама жасады. Ресей Федерациясы ылым академиясы Сібір бөлімшесінің Ақпараттық-есептеу технологиялары федералдық зерттеу орталығының ақпараттық ресурстар зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор (Ресей Федерациясы) Барахнин Владимир Борисович жасанды интеллекттің ғылыми зерттеулердегі құрал ретіндегі қолданылу шекараларын қарастырды.

PhD, профессор, ҚР ҒЖБМ Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының жетекші ғылыми қызметкері (Қазақстан Республикасы) Козбакова Айнур Холдасовна ғылыми ынтымақтастықты дамытуға әсер ететін факторлар туралы баяндама ұсынды.

Баяндамалар тақырыбы деректерді интеллектуалды талдау, цифрлық лингвистика, сөйлеу технологиялары, пәнаралық зерттеулер және жасанды интеллектті қолданбалы әрі ғылымды қажет ететін салаларда қолдану сияқты өзекті бағыттарды қамтыды.