Студенттің өндірістік тәжірибесі сәтті аяқталды — ҚазҰУ

91ý

Студенттің өндірістік тәжірибесі сәтті аяқталды

19 наурыз 2026
Студенттің өндірістік тәжірибесі сәтті аяқталды

«Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Карабаева Аружан өндірістік тәжірибесін сәтті аяқтады.

Өндірістік тәжірибе Алматы қаласындағы «Center for Emergency Situations and Disaster Risk Reduction» – Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығында (CESDRR / ЦЧССРБ) өтті. Тәжірибе барысында Аружан жауапкершілігімен, бастамашылдығымен және кәсіби міндеттерге деген жоғары жауапкершілігімен ерекшеленіп, ұжыммен тиімді жұмыс істей білетіндігін көрсетті. Оның жаңа білім алуға деген ұмтылысы мен еңбекқорлығы мекеме тарапынан жоғары бағаланып, арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Бұл жетістік – жас маманның кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадамдардың бірі. Алдағы уақытта Аружанға оқуында табыс, кәсіби жолында үлкен жетістіктер, жаңа мүмкіндіктер мен биік белестер тілейміз. Еліміздің қауіпсіздігі мен табиғи-техногендік қауіп-қатерлерді басқару саласында білікті маман ретінде танылып, ел игілігі үшін қызмет етуіне тілектеспіз.