Шығыстану факультеті Жаңару күнін атап өтті
2026 жылғы 19 наурыз күні Жаңару күніне орай «Жасыл бастама – жарқын болашақ» атты экологиялық акция өткізілді. Аталған іс-шара аясында Шығыстану факультеті бұл мерекелік күнді ерекше атап өтіп, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдады.
Акция барысында факультет студенттері белсенділік танытып, оқу аудиторияларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кафедраларда орналасқан өсімдіктер қайта отырғызылып, олардың күтімі жақсартылды. Бұл жұмыстар оқу кеңістігін көркейтіп қана қоймай, студенттердің табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.
Іс-шара жастардың экологиялық сана-сезімін нығайтып, ұжымдық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, факультетте экологиялық мәдениетті тұрақты түрде қалыптастыруға негіз болады деп күтілуде.
