- Басты бет
- Жаңалықтар
- III Қ.Б. Жарықбаев оқулары «Цифрлық қоғамдағы психология: зерттеу әдіснамасы, клиникалық жне қолданбалы шешімдері»
III Қ.Б. Жарықбаев оқулары «Цифрлық қоғамдағы психология: зерттеу әдіснамасы, клиникалық жне қолданбалы шешімдері»
Сіздерді профессор Қ.Б. Жарықбаевты еске алуға арналған &ܴ;Цифрлық қоғамдағы психология: зерттеу әдіснамасы, клиникалық жне қолданбалы шешімдері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты: қолданбалы психология саласындағы озық идеялар бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстандық жне әлемдік ғылым мен практиканың дамуына ғалымдардың қосқан үлесі мен тәжірибесін тарату. Конференция аясында Қазақстандық педагогика жне психология ғылымының негізін қалаушы ғалым, профессор Қ.Б. Жарықбаевтың педагогика жне психология салаларындағы ғылыми зерттеулерді қолданудағы жетістіктері, жаңалықтары жне практикалық мәселелерін дамытуға қосқан үлесін насихаттау.
Конференцияға зерттеушілер, ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессорлық - оқытушылар құрамы, білім беру жүйесінің басшылары, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер, жас зерттеушілер, психология жне әлеуметтік ғылым саласындағы мамандар қатыса алады.
Конференция 2026 жылдың 20 наурыз айында офлайн жне онлайн форматта өтеді.
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ:
· 1-секция. Әлемдік психологиядағы тәуелді мінез-құлық пен стрессті зерттеулерге методологиялық шолу.
· 2-секция. Цифрлық ойлау психологиясы жне адамның жасанды интеллект жүйелерімен өзара әрекеттесуі.
· 3-секция. Тұлғалық әлеует жне белгісіздік пен ортаның жоғары құбылмалылығы жағдайындағы өзін өзі реттеу.
· 4-секция. Клиникалық психологияның өзекті зерттеулері.
Конференция жинағы
Басқа жаңалықтар