«Дүниежүізілік мұздықтар күніне» арналған дөңгелек үстел — ҚазҰУ

91ý

«Дүниежүізілік мұздықтар күніне» арналған дөңгелек үстел

20 наурыз 2026
«Дүниежүізілік мұздықтар күніне» арналған дөңгелек үстел

2026 жылғы 20 наурызда метеорология жне гидрология кафедрасының оқытушылары, доцент А.С. Нысанбаева жне аға оқытушы Ж.А. Жанабаева «Дүниежүзілік мұздықтар күніне» арналған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны ЮНЕСКО қамқорлығымен Орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталығы ұйымдастырды. Шараға ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының жне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, өңірдегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі – мұздықтардың жылдам қысқаруы жне оның салдары талқыланды.

Қатысушылардың назарында мұздықтардың жай-күйі мен Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу арасындағы байланыс болды. Ең алдымен, бұл ТДМ 6 – «Таза су жне санитария». Мұздықтар Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстан үшін тұщы судың стратегиялық көзі болып табылады. Олардың деградациясы халықты, ауыл шаруашылығын жне энергетиканы сумен қамтамасыз етуге тікелей әсер етіп, болашақта су тапшылығы қаупін арттырады.  


Сонымен қатар, ТДМ 11 – «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» мәселесі де ерекше атап өтілді. Қатысушылар мұздықтардың еруінен туындаған гидрологиялық режимнің өзгеруі сел, су тасқыны сияқты табиғи қауіптердің артуына әкелетінін, бұл өз кезегінде таулы жне тау бөктеріндегі аймақтардың, соның ішінде Алматы қаласының инфрақұрылымы мен тұрғындарының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап өтті.

ТДМ 13 – «Климаттың өзгеруімен күрес» бағытына ерекше назар аударылды. Баяндамаларда мұздықтардың жедел еруі жаһандық жылынудың ең айқын көрсеткіштерінің бірі екені атап өтілді. Ұсынылған ғылыми деректер криосфераны мониторингтеуді күшейту, қашықтықтан зондтау технологияларын енгізу жне бейімделу шараларын әзірлеу қажеттігін көрсетті.  
 

ТДМ 15 – «Құрлық экожүйелерін сақтау» аясында мұздықтардың деградациясының тау экожүйелеріне әсері талқыланды. Су теңгерімінің өзгеруі табиғи ландшафттардың трансформациясына, биоалуантүрліліктің азаюына жне экожүйелер тұрақтылығының бұзылуына әкеледі. Бұл кешенді ғылыми тәсілді жне пәнаралық өзара іс-қимылды талап етеді.

Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде Алатау: вслед за исчезающими ледниками деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Фильм Іле Алатауы мұздықтарының жедел еруіне арналды жне болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен оның табиғат пен қоғамға әсерін көрнекі түрде көрсетті. Көрсетілім қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, ғылыми баяндамаларды визуалды материалдармен толықтырды.  


Дөңгелек үстел білім алмасу, ғылыми нәтижелерді талқылау жне су ресурстарын тұрақты басқару мен климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін маңызды алаң болды. Мұндай іс-шаралар қоғамның хабардарлығын арттырып, ғылыми қауымдастық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.