Ұлағатты Ұстаз Алтынғазы Каримов 85 жаста
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы тағы бір жақсы жаңалыққа кенелді. Математикалық жне компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті Алтынғазы Кәрімов ұзақ жылғы ерен еңбегі жне университеттің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін үлкен марапатқа бөленді. Алтынғазы Каримовтің 85 жылдық мерей тойына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сіңірген ерен еңбегі үшін “Әл Фараби күміс медалі” табысталды. Марапатты университет Ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың атынан «Парасат» кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Мекебаев табыстады Бұл марапат ұстазымыздың білім беру мен ғылым саласындағы көпжылдық еңбегінің лайықты бағасы ретінде ұсынылды. Бұл жетістіктер ұстаздың кәсіби біліктілігі мен ғылыми беделінің жоғары екенін айқын көрсетеді.

Ұстазымыздың ғылыми қызметіндегі тағы бір маңызды жаңалық – жақында жарық көрген жаңа еңбегі. Алтынғазы Каримовтің “Applied Problems of Hydrodynamics in Underground Filtration: A Manual for Solving Linear and Nonlinear Partial Differential Equations in Models of Underground Filtration” атты монографиясы Lambert Academic Publishing баспасынан жарық көрді. Аталған еңбек жерасты фильтрациясы модельдеріндегі сызықтық жне сызықтық емес дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған қолданбалы зерттеулерді қамтиды. Ерекше атап өтерлігі, бұл ғылыми еңбек шет елдерде жоғары қызығушылық тудырып, алты тілге аударылған. Бұл – автор еңбегінің халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан мойындалғанының жарқын длелі.
Алтынғазы Каримов – өз ісіне адал, шкірт трбиелеуде де, ғылыми зерттеулер жүргізуде де үлкен жетістіктерге жеткен білікті маман. Оның жетекшілігімен көптеген жас мамандар білім алып, ғылым жолына қадам басуда. Ол бұл асуға отандық жоғары білім мен ғылым саласына өлшеусіз үлес қосқан тжірибелі ұстаз, білікті ғалым ретінде көтерілді. Бұл көпжылдық ғылыми-педагогикалық еңбегінің, табанды ізденістерінің жне шкірт трбиелеудегі адал қызметінің айқын көрінісі. Ұстазымыз Алтынғазы Каримовке зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс жне отбасына амандық тілейміз.
Математикалық жне компьютерлік моделдеу кафедрасының ұжымы
Басқа жаңалықтар