22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесі — ҚазҰУ

91ý

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесі

20 наурыз 2026
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесі

2026 жылғы 20 наурыз күні 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы ұлттық дәстүрге негізделген мазмұнды іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, мерекелік дастарқан жайылды. Студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамға ұлттық тағамдар ұсынылып, соның ішінде Наурыз көже таратылып, бауырсақ ұсынылды. Бұл өз кезегінде мерекенің шынайы атмосферасын қалыптастырып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараны кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Г.А. Қуаналиева ұйымдастырып, аға оқытушылар Қ.А. Бахманова, Д.А. Бакиров және оқытушы И.Б. Шапқатова белсенді түрде атсалысты.

Осындай игі бастамалар ұжым арасындағы бірлікті нығайтып, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыруға өз үлесін қосады.