«ҚазҰУ студенттері “Мейірімділік – адамдықтың негізі” тренингінен рухани серпін алды»Farabi University

91ý

«ҚазҰУ студенттері “Мейірімділік – адамдықтың негізі” тренингінен рухани серпін алды»

13 наурыз 2026
«ҚазҰУ студенттері “Мейірімділік – адамдықтың негізі” тренингінен рухани серпін алды»

Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты – «Сапалы білім беру» аясында 2026 жылдың 13 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушылары Каупенбаева С.М., Әлтаева Н.С., Мұқан Н. жетекшілігімен 3 курс «Дінтану» білім беру бағдарламасының студенттері Тұрсын Әдійба мен Нұрдыбек Гүлназат аталған курс студенттеріне «Мейірімділік – адамдықтың негізі» атты тренинг өткізді.  

Аталған тренинг барысында студенттерге мейірімділік, жанашырлық, адамгершілік құндылықтардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Іс-шара аясында түрлі психологиялық ойындар, топтық тапсырмалар және пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар бір-біріне құрмет көрсету, қолдау білдіру және жылы сөздің құндылығын тәжірибе жүзінде сезінді. Сонымен қатар, күнделікті өмірде мейірімділік танытудың қарапайым жолдары талқыланып, әрбір адамның қоғамдағы ізгі қарым-қатынасты қалыптастырудағы рөлі ерекше екені атап өтілді. Тренинг студенттердің рухани-адамгершілік дамуына оң әсерін тигізіп, өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуға бағытталды.