2026 жылғы 10 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті, Математика кафедрасында «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Бектал Жансаяның ашық сабағы өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Біртекті псевдопараболалық теңдеу үшін тура есептің шешімділігі. Шешім және оның туындылары үшін қатардың жинақтылығын зерттеу».
Сабақ 18:00–19:00 аралығында өткізілді. Ашық сабақ барысында докторант теориялық материалды жүйелі түрде баяндап, псевдопараболалық теңдеулер үшін тура есептің қойылуы, шешімнің бар болуы мен бірегейлігі, сондай-ақ шешімнің қатар түріндегі көрінісі мен оның жинақтылығы мәселелерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты мысалдар келтіріліп, талдау жасалды.
Аталған іс-шара докторанттардың педагогикалық практикасы аясында ұйымдастырылды. Педагогикалық практика жетекшісі – профессор, ф.-м.ғ.к. Хонатбек Хомпыш. Іс-шара болашақ оқытушылардың кәсіби және педагогикалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
15 шілде 2026