2026 жылғы 5 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті, Математика кафедрасында «8D05401 – Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Жаппарова Сәуленің ашық сабағы өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Жылуөткізгіштік теңдеу үшін шекаралық есептер».
Ашық сабақ «7M05402 – Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына арналған. Сабақ МЕХ 413 аудиториясында 16:00–16:50 аралығында өткізілді. Сабақ барысында жылуөткізгіштік теңдеуі үшін шекаралық есептердің қойылуы, оларды шешу әдістері мен негізгі қасиеттері қарастырылды. Теориялық материал нақты мысалдармен толықтырылып, жүйелі түрде баяндалды.
Іс-шара докторанттардың педагогикалық практикасы аясында ұйымдастырылды. Педагогикалық практика жетекшісі – ф.-м.ғ.д., доцент Темешева С.М. Ашық сабақ болашақ оқытушылардың кәсіби және педагогикалық құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
20 маусым 2026
20 маусым 2026