Механика-математика факультетінде ашық сабақ өтті
20 наурыз 2026
2026 жылғы 26 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде 7M05402 — «Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына арналған ашық сабақ өткізілді.
Сабақ тақырыбы:
«Коэффициенті үзілісті және жалпы түрде берілген түйіндес шарттары бар жылуөткізгіштік теңдеу үшін Дирихле есебінің шешімі»
Ашық сабақты 1-курс докторанты Жаппарова Сәуле жүргізді. Сабақ МЕХ 413 аудиториясында сағат 16:00–16:50 аралығында өтті.
Сабақ барысында жылуөткізгіштік теңдеулерінің теориялық негіздері, коэффициенттері үзілісті ортадағы есептердің ерекшеліктері, сондай-ақ түйіндес шарттармен қойылған Дирихле есебінің шешу әдістері қарастырылды. Магистранттар тақырып бойынша белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Аталған ашық сабақ педагогикалық тәжірибе аясында ұйымдастырылды. Іс-шараға педагогикалық практика жетекшісі — ф.-м.ғ.д., доцент Темешева С.М. қатысты.
Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
15 шілде 2026