«Бірлік пен береке бастауы – Әз Наурыз» атты тәрбие сағаты өтті
20 наурыз 2026
2026 жылғы 19 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінде Наурызнама онкүндігі аясында және педагогикалық практика шеңберінде «Бірлік пен береке бастауы – Әз Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара сағат 10:00-де басталып, 6B05402 — «Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналды.
Тәрбие сағатын 8D05401 — «Математика» білім беру бағдарламасының 1-курс докторанты Муратова Алуа жүргізді.
Шара барысында Әз Наурыздың ұлттық бірлік пен берекенің, жаңару мен ізгіліктің символы ретіндегі маңызы кеңінен түсіндірілді. Студенттерге қазақ халқының салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтары таныстырылып, Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес татулық, сыйластық және ұрпақ сабақтастығы идеялары дәріптелді.


Математика кафедрасы
Басқа жаңалықтар
20 маусым 2026
20 маусым 2026