Көрісу күніне арналған қайырымдылық іс-шарасы
14 наурыз 2026
2026 жылдың 14 наурызында «Көрісу күні» мерекесіне орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің 204-топ студенттері жетекші эдвайзер Қонысбай Бақытгүлдің жетекшілігімен қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Студенттер игі дәстүрді дәріптеу және үлкендерге құрмет көрсету мақсатында қарттар үйіне барып, ондағы қарттармен жүздесіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында студенттер қарттарға жылы лебіздерін білдіріп, мерекемен құттықтап, әңгімелесіп уақыт өткізді. Олар үлкен буын өкілдерінің өмірлік тәжірибесін тыңдап, ақыл-кеңестерін алып, шынайы әрі әсерлі кездесу болды. Сонымен қатар, студенттер өздерімен бірге шағын сыйлықтар мен қажетті заттар апарып, қарттарға қамқорлық пен құрмет көрсетудің маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Осылайша, “Көрісу күні” мерекесі тек амандасу мен қауышу күні ғана емес, сонымен қатар адамдар арасындағы жылулық пен жанашырлықты арттыратын маңызды күн екені тағы да дәлелденді. 204-топ студенттері бұл игі істі алдағы уақытта да жалғастырып, қоғамға пайдалы бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етеді.
Басқа жаңалықтар
20 маусым 2026
20 маусым 2026