«Әл-Фараби іліміндегі ізгі қоғам және парасатты басқару: заманауи интерпретация» атты дөңгелекFarabi University

91ý

«Әл-Фараби іліміндегі ізгі қоғам және парасатты басқару: заманауи интерпретация» атты дөңгелек

12 наурыз 2026
«Әл-Фараби іліміндегі ізгі қоғам және парасатты басқару: заманауи интерпретация» атты дөңгелек

“8D01101 – Педагогика және психология”, “8D01802 – Әлеуметтік педагогика” және “8D01102 – Педагогика. Білім берудегі менеджмент” білім беру бағдарламаларының 2-курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Әл-Фараби іліміндегі ізгі қоғам және парасатты басқару: заманауи интерпретация» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында жас зерттеушілер классикалық философиялық идеялар мен қазіргі қоғамдық трансформация үдерістерінің өзара сабақтастығын ғылыми тұрғыдан талдап, оның әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы өзектілігін ашып көрсетті.  

Жас зерттеушілер әл-Фараби ілімін бірнеше ғылыми бағытта талқылауға тырысты.  Жас ғалым Ж.Қ. Адасканованың баяндамасында,  әл-Фарабидің логикалық және гносеологиялық тұжырымдарының қазіргі академиялық жазу мәдениеті мен ғылыми зерттеу этикасындағы ғылыми ойлау мәдениетін дамытудың  маңыздылығын,  докторант Ж.Ж. Акимбаева әл-Фараби мұрасының жаһандану жағдайында рухани сабақтастықтың мәнін  көрсете алды.

Зерттеуші П.М. Жанузакова әл-Фарабидің «парасатты басқару» идеясын қазіргі менеджмент теорияларымен байланыстыра отырып, білім беру жүйесін тиімді реформалаудың маңызды факторы екендігін көрсетсе, докторант С.Ғ. Исакулова технологиялық прогресс пен жасанды интеллект дәуірінде әл-Фарабидің гуманистік қағидаларын, цифрлық қоғам жағдайындағы этикалық нормалар мен ізгілік ұғымдарының трансформациясын ғылыми тұрғыдан талдады.

ылыми ізденіс практика жетекшісі:  «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасынан пед.ғ.к., аға оқытушы Д.А. Нургалиева