- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да ТДМ 17 аясында «Дәстүрлі қолөнерді қайта жаңғырту» атты кураторлық сағат өтті
ҚазҰУ-да ТДМ 17 аясында «Дәстүрлі қолөнерді қайта жаңғырту» атты кураторлық сағат өтті
2026 жылдың 24 ақпанда «Этнология және антропология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) аясында «Жауапты тұтыну және өндіріс» бағыты бойынша «Дәстүрлі қолөнерді қайта жаңғырту» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында дәстүрлі қолөнердің мәдени мұраны сақтаудағы маңызы, ұлттық өнерді дамыту және оны қазіргі қоғамда жаңғырту мәселелері талқыланды. Студенттер қазақ халқының дәстүрлі қолөнер түрлері, олардың тарихи және мәдени құндылығы, сондай-ақ қолөнер бұйымдарын өндіру мен тұтынудағы жауапкершілік мәселелері туралы пікір алмасты.
Кураторлық сағат барысында дәстүрлі қолөнерді сақтау, дамыту және оны болашақ ұрпаққа жеткізудің маңыздылығы атап өтілді. Іс-шара студенттердің ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.