- Басты бет
- Жаңалықтар
- “SDG 4- Quality Education: Evolution of Education System from Ancient Schools to Digital Classrooms” атты халықаралық студенттік дөңгелек стөл
“SDG 4- Quality Education: Evolution of Education System from Ancient Schools to Digital Classrooms” атты халықаралық студенттік дөңгелек стөл
27 наурыз 2026 жылы, сағат 10:00-11:00, Филология факультетінің Шет тілдері кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен “SDG 4- Quality Education: Evolution of Education System from Ancient Schools to Digital Classrooms” атты халықаралық студенттік дөңгелек стөл іс-шарасы өткізілді.

Дөңгелек стөл офлайн форматта, ағылшын тілінде, ТДМ 4 «Сапалы Білім» мақсатын жүзеге асыру мақсатында Шет тілдері кафедрасының бекітілген жылдық ТДМ іс-шара жоспарына сәйкес өтілді. Дөңгелек үстел қатысушылары ҚазҰУ-нің Тарих факультетінің студенттері, Ауғаныстан және Бангладеш елдерінен келген студенттердің қатысуымен өтті. Білімалушылар өз елдеріндегі SDG 4 негізгі мақсаттарын талқылады.

Барлығы үшін инклюзивті және қолжетімді сапалы білім беруді қамтамасыз ету және өмір бойы білім алуға жәрдемдесу мәселелерін айтып осы мақсаттар өз елдерінде қалай өтіп жатқанымен ой бөлісті.
Ұйымдастырушылар: аға оқытушы Г.А. Койтасова және Тарих факультетінің Музеология және тарихи-мәдени туризм мамандығының 1 курс студенттері.
Басқа жаңалықтар