«Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету — ҚазҰУ

91ý

«Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

8 сәуір 2026
«Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Филология факультетінің шетел тілдері кафедрасы сіздерді «Тұрақты қалалар мен елді мекендер: туризмге байланысты мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстелге шақырады. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсаты  аясында өтеді «Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өміршеңдігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету».

Аталған шара орыс және қазақ бөлімдерінің 1-курс студенттерімен, сондай-ақ түрікмен бөлімінің студенттерімен және Германияның Бонн қаласындағы Бонн университетінің магистранттарымен бірлесіп өткізіледі.

Өткізілетін уақыты мен орны: 08.04.2026 ж., сағат 17.00, Zoom платформасында онлайн-конференция. Ұйымдастырушылар: аға оқытушылар Абдиназарова С. Ж., Мұқажанова Ф. М., Қарабаева Б. Н., Балғабекова Р. Н.