Таза Қазақстан: жастардың экологиялық жауапкершілігі
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы ассистент-профессоры, PhD Л.Ф. Деловарованың ұйымдастыруымен «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы студенттеріне арналған мазмұнды дәріс өтті. Дәріс барысында жаһандық экологиялық саясат, климаттың өзгеруі және оның халықаралық қатынастарға әсері, «жасыл дипломатия» ұғымы - тұрақты даму мақсаттары талқыланды.
Қазіргі таңда экология мәселесі тек бір елдің емес, бүкіл әлемнің ортақ проблемасына айналып отыр. Сондықтан болашақ дипломаттар мен халықаралық сарапшылар үшін экологиялық жауапкершілік ерекше маңызды. Халықаралық деңгейде ойлайтын жастар табиғатты қорғауда белсенді болуы тиіс. Әрбір шешім мен бастама тек ұлттық емес, жаһандық жауапкершілікті талап етеді.
Таза Қазақстан – бұл тек ішкі бастама емес, ол әлемдік экологиялық қозғалыстың бір бөлігі болып табылады.

