- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ "Таза су және санитария" шеңберінде су мәселелері және оларды шешу жолдары туралы тәрбиелік сабақ
ТДМ "Таза су және санитария" шеңберінде су мәселелері және оларды шешу жолдары туралы тәрбиелік сабақ
2026 жылғы 27 наурызда педагогикалық практика аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және химиялық технология факультеті химиялық физика және материалтану кафедрасының магистранттары Аллаберген Ә., Беренқызы Д., Есиркеп Н., Ермагамбетова А., Жаксыбаева У., Искаков А., Махмудова А., Музарапша Н., Нұрланқызы Ш. и Юлдашев.Н. – 3-курс бакалавр студенттеріне арналған ашық тәрбие сағатын өткізді. Шараның тақырыбы: «Қазақстанның басты экологиялық мәселесі: судың ластануы және оны тазарту әдістері» деп аталды. Іс-шараның мақсаты Қазақстан аумағындағы су ресурстарының ластану мәселесін қарастыру арқылы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ 6) ажырамас бөлігі болып табылатын экологияның терең маңыздылығын ашу болды.
Іс-шара барысында ұйымдастырушылар судың ең маңызды табиғи ресурс және тіршіліктің негізі екенін атап өтті. Алайда қазіргі таңда өзендер, көлдер және жерасты суларының ластану деңгейі айтарлықтай артып отыр. Әсіресе өндірістік қалдықтар, ауыл шаруашылығында қолданылатын химиялық заттар және тұрмыстық ағынды сулар сияқты ластану көздеріне ерекше назар аударылды, өйткені олар экологиялық жағдайға теріс әсер етеді.
Теориялық бөлімде студенттерге судың ластану түрлері (химиялық, биологиялық және физикалық), сондай-ақ олардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы мәлімет берілді. Мысал ретінде Арал теңізі экологиялық апаты қарастырылып, оның тартылу себептері мен аймаққа тигізген салдары талқыланды.
Одан әрі іс-шара интерактивті форматта жалғасты: студенттерге топтық тапсырмалар беріліп, олар суды тазарту әдістерін, атап айтқанда механикалық сүзу, адсорбция, химиялық және биологиялық тазарту тәсілдерін талқылады. Әсіресе көміртекті сорбенттерді қолдану арқылы тазарту әдістері үлкен қызығушылық тудырды.
Іс-шараның практикалық бөлімінде қолдан жасалған сүзгі арқылы суды тазарту бойынша көрнекі тәжірибе жүргізілді. Сүзгі қолжетімді материалдардан (пластик бөтелке, құм қабаты, белсендірілген көмір, қиыршық тас және мақта) жасалды. Ластанған су осы сүзгі арқылы өткізіліп, нәтижесінде студенттер оның мөлдірлігі мен сапасының айтарлықтай жақсарғанын байқады. Бұл тәжірибе суды тазартудың қарапайым әдістерінің тиімділігін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беріп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Алынған білімді бекіту мақсатында викторина ұйымдастырылып, қатысушылар су ресурстарын қорғау және оларды ұтымды пайдалану мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ең белсенді студенттер марапатталды.
Іс-шара соңында су ресурстарының тазалығын сақтау әрбір адамның маңызды міндеті екені атап өтілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарау тұрақты болашақты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің экологиялық сауаттылығын арттыруға және олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етті.
Химиялық физика және материалтану кафедрасының доцент- зерттеушісі Сейтжанова Макпал Азизқызы, Магистрант Жаксыбаева У.Д.
Басқа жаңалықтар