Қытайлық әріптестермен ғылыми байланыс нығайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытайдағы Ішкі Моңғолия университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, Өмір туралы ғылымдар институтының директоры Ху Вэй бастаған делегация арнайы жұмыс сапармен келді.
Құрметті қонақтармен ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бірінші проректор міндетін атқарушы Самғат Ермекбаев кездесу өткізді. Тараптар екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Жүздесуде академиялық ұтқырлық пен қосдипломды білім беру бағдарламасын дамыту, ғылыми орталықтар мен зертханалардың мүмкіндіктерін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ху Вэй ҚазҰУ-дың халықаралық байланыстарды дамытудағы жетістіктерін атап өтіп, Ішкі Моңғолия университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы серіктестікті одан әрі кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Шағын құрамда өткен келіссөз нәтижесінде қос тарап әріптестік байланысты нығайту жөніндегі екіжақты келісімге қол қойды.




Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі