ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЖӘНЕ SOAS, ЛОНДОН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ — ҚазҰУ

91ý

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЖӘНЕ SOAS, ЛОНДОН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ

1 сәуір 2026
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ЖӘНЕ SOAS, ЛОНДОН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАЙДЫ

2026 жылғы 1 сәуір күні Шығыстану факультеті, Мұхаммед Али Джинна атындағы дәрісханада Орталық Азия бойынша танымал ғалым, профессор Бхавна Даве бастаған SOAS Лондон университетінің өкілдерімен кездесу өтеді. Шара барысында факультет деканы М.Ш. Эгамбердиев, оқытушылар, докторанттар мен магистранттар қонақтармен пікір алмасып, академиялық ынтымақтастықтың болашағы мен бірлескен зерттеулерді талқылайды. Сонымен қатар, сапар бағдарламасы аясында зерттеуші-профессор Л.Г. Ерекешева ағылшын тілінде ашық дәріс оқиды.

Лондон университетінің Шығыс және Африка зерттеулері мектебі (SOAS, University of London) ұйымдастырған білім беру-танымдық сапары (Study Tour) аясында Алматы және Бішкек қалаларына барады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) мен Лондон университетінің Шығыс және Африка зерттеулері мектебі (SOAS, University of London) 2023 жылы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.