«Студенттердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілд
2026 жылғы 27 наурыз күні сағат 11:00-де Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 1-курс түркімен студенттерімен «Студенттердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны топтың эдвайзері аға оқытушы Н. Рысбекқызы ұйымдастырды.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттерге университеттегі құқықтары мен міндеттері туралы толық ақпарат беру, олардың жауапкершілігін арттыру және академиялық мәдениетке бейімдеу болды. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің міндеттерімен жаупкершіліктері туралы да айтылып өтті.

Іс-шара барысында студенттерге білім алу құқығы, академиялық және әлеуметтік құқықтары, сондай-ақ университеттің ішкі тәртіп ережелері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Тәрбие сағаты интерактивті форматта өтіп, студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысқанын көрсетті.

Іс-шара нәтижесінде студенттер өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін арттырып, университеттің академиялық және тәртіптік талаптарын тереңірек түсінді.
Басқа жаңалықтар