ТДМ 11. Тұрақты қалалар және елді мекендер «Жасыл стартап» байқауы — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 11. Тұрақты қалалар және елді мекендер «Жасыл стартап» байқауы

27 наурыз 2026
ТДМ 11. Тұрақты қалалар және елді мекендер «Жасыл стартап» байқауы

2026 жылдың 27 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде БҰҰ-ның ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Кеңсеге жасыл тыныс» атты ауқымды акция өтті. Іс-шараға «Лингвистика» мамандығының 1-2 курс магистранттары мен докторанттары белсенді қатысты.

     Бұл бастама қалалық ортаны сауықтыру, кеңсе ауасын тазарту және білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығына қолайлы экожүйе қалыптастыруға бағытталған. Акция барысында экологиялық мәдениетті арттыру мен заманауи урбанистикадағы жасыл технологиялардың маңызы жан-жақты дәріптелді.

Бағдарламаның мазмұны:

- Инновациялық көзқарас: Жиын барысында 21-ғасырдың «Green Campus» стартаптары талқыланып, шетелдік ғалымдардың экологиялық жобаларына ғылыми талдау жасалды.

- Практикалық сайыс: «Гүл отырғызу – жасыл әлем кепілі» атты жылдамдық сайысында магистранттар ерекше ептілік танытып, кампусты көгалдандыруға өз үлестерін қосты.

- Рухани сабақтастық: Ұлттық құндылықтар мен табиғатты қорғау идеясы ұштастырылған шараның түйіні ретінде күмбірлеген «Адай» күйі орындалып, қатысушыларға ерекше пассионарлық қуат сыйлады.

  Ұйымдастырушылар: кафедра аға оқытушылары Қондыбаева Р.Ж , Исмайлова Н. және лингвистика мамандығының 1- 2 курс магистранттары мен докторанттары.