Факультеттің ғылыми әлеуетін дамыту: ылыми кеңес отырысының қорытындылары
2026 жылғы 31 наурызда география жне табиғатты пайдалану факультетінде факультеттің ылыми кеңесінің отырысы өтті. Отырыс факультет деканының төрағалығымен декан орынбасарларының, кафедра меңгерушілерінің жне ылыми кеңес мүшелерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Күн тәртібі аясында факультеттің ғылыми, білім беру жне кадрлық саясатын дамытуға бағытталған маңызды мәселелер қарастырылды.
Отырыс барысында факультет деканы Актымбаева А.С. университеттің ылыми кеңесі мен деканат отырыстарында қаралған мәселелер жне оларды факультет деңгейінде іске асыру шаралары туралы ақпарат берді. Білім беру процесінің сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту жне халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар факультеттің даму индикативтік жоспары ұсынылып, онда алдағы кезеңге арналған негізгі мақсатты көрсеткіштер мен басым бағыттар айқындалды. Осыған байланысты профессор-оқытушылар құрамына индикативтік көрсеткіштерді дұрыс жне уақтылы толтыру қажеттілігі атап өтілді. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын жне толтырылу сапасын бақылауды күшейту, сондай-ақ бұл жұмысты кафедралар деңгейінде үйлестіру қажеттілігі көрсетілді.
ылыми-зерттеу жне халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары Абдуллаева Ә.С. QS жне THE халықаралық рейтингтерінің ерекшеліктері жне QS by Subject нәтижелері бойынша баяндама жасады. Баяндама аясында факультеттің ағымдағы позицияларының кешенді талдауы ұсынылып, оң динамикамен қатар проблемалық тұстар анықталды. Бірқатар пәндік бағыттар бойынша өсім байқалғанымен, кейбір бағыттарда позициялардың төмендеуі тіркелгені атап өтілді.
Факультет ғылыми жарияланымдар саны, дәйексөз алу деңгейі жне халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың кеңеюі бойынша тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді. Сонымен қатар академиялық бедел жне жұмыс берушілер арасындағы бедел көрсеткіштері бойынша төмендеу байқалғаны, бұл ғылыми нәтижелердің танымалдылығын арттыру жне кәсіби қауымдастықпен өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін көрсететіні айтылды.
Сондай-ақ QS пәндік жіктемесі бойынша факультет жарияланымдарының бөліну нәтижелері ұсынылды. ылыми еңбектердің бір бөлігі инженерлік ғылымдар жне өмір туралы ғылымдар сияқты аралас бағыттарға жатқызылатыны анықталып, бұл ғылыми нәтижелердің «шашырауына» жне негізгі бағыттар бойынша көрсеткіштердің төмендеуіне алып келетіні көрсетілді. Осыған байланысты жарияланымдық саясатты құрылымдау тәсілдері ұсынылып, ғылыми жұмыстарды Natural Sciences, Geography жне соған жақын бағыттарда шоғырландыру, ғылыми журналдарды саналы түрде таңдау жне кафедралар деңгейінде жарияланымдық белсенділікті үйлестіру қажеттілігі атап өтілді.
Осылайша, отырыс барысында негізгі мәселелер ғана емес, оларды шешу жолдары да айқындалып, жарияланымдық саясатты жетілдіру, беделдік көрсеткіштерді арттыру жне халықаралық рейтингтердегі позицияларды нығайтуға бағытталған жүйелі іс-шаралар жоспары белгіленді.
«Әртүрлі» бөлімінде факультеттің кадрлық жне имидждік мәселелері қарастырылды. ылыми кеңес бірқатар жас ғалымдарды «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауына ұсынуды қолдады. Мұндай байқауларға қатысу факультеттің ғылыми әлеуетін дамытуға жне жас ғалымдардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Сонымен қатар картография жне геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Сарсембекова Зейнеп Кадирбековнаны «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік оқытушысы» байқауына ұсыну туралы шешім қабылданды.
Күн тәртібінің жеке тармағында Лисаковск тау-кен байыту комбинатының бас геологы, инженер-геолог, еңбек ардагері, еңбек майданының қатысушысы Алимжанова Гульбахрам Мажитовнаның атымен оқу аудиториясын ашу мәселесі қарастырылды. Бұл бастама отандық геология ғылымының жетістіктерін насихаттауға жне кәсіби мұраны сақтауға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, факультеттің ғылыми жне білім беру әлеуетін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.
Басқа жаңалықтар