ТДМ 15: «Экология және болашақ: Жерді сақтайық!» (экологиялық акция) — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 15: «Экология және болашақ: Жерді сақтайық!» (экологиялық акция)

19 наурыз 2026
ТДМ 15: «Экология және болашақ: Жерді сақтайық!» (экологиялық акция)

ТДМ 15: «Экология және болашақ: Жерді сақтайық!» (экологиялық акция)
Өткізілген күні: 19.03.2026 ж.
Ұйымдастырушылар: Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының оқытушысы Байсылбаева Қымбат және «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының магистранттары Аширбаев Нұрдәулет, Мұңал Әсет

Шараның мақсаты:
Студенттер арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру;
Қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру;
Қоқысты кез келген жерге тастамауға тәрбиелеу;
Табиғатты аялау және қоқысты қайта өңдеуге тапсыру дағдыларын дамыту.
Шараның барысы:

ТДМ 15 жоспары аясында жақын аумақта «Экология және болашақ: Жерді сақтайық!» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды.

Шара барысында студенттермен бірге аумақты тазарту және қоқыс жинау жұмыстары жүргізілді. Акцияға студенттер белсенді қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты.

Сонымен қатар, қатысушыларға қоршаған ортаның тазалығының адам денсаулығына, өмір сапасына және болашақ ұрпаққа әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Табиғатты қорғау, қоқысты дұрыс тастау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Шараның негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық санасын арттыру, табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамға үлгі көрсету.